Prev Next
  • Алматы облысында мұғалім ата-аналар сыйлығын менсінбеген

  • АНАЛИТИКА
  • 08.10.2014, 14:25

Алматы облысына қарасты "Абай" орта мектебінің мұғалімі ата-аналардың "ұстаздар күніне" әперген сыйлығын алмай қойыпты. Дұрысы - бірінші "ә" сыныбының жетекшісі Гүлбану Айтмаханқызына, ата-аналардың әрқайсысы 1 мың теңгеден қаражат жинап, тарту еткен тосын сыйы ұнамай қалған көрінеді.

Алматы облысында мұғалім ата-аналар сыйлығын менсінбеген
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ата-аналардың айтуынша, ұстаз мәнті пісіргіш ыдысты қытай тауары болғандықтан, ұнатпаған сыңайлы. Алайда, білім ордасы өкілдерінің бұл жағдайға қатысты айтар өз уәжі бар. Сабақтың басталғанына бір айдан енді ғана асқанымен, Роза Тәджікова бірінші сыныпта оқитын қызының сыныбын ауыстырмақ.

Оған сыйлық ұнатпайтын ұстаздың қылығы себеп болды деп отыр. Өзін ата-аналар комитетінің мүшесі деп таныстырған Роза, тартуды таңдайтын, сыйды менсінбейтін мұғалімнің сыныбына қызымды оқытқым келмейді, - дейді.

"Бүгін таңмен келдім де, қызымды басқа класқа ауыстырдым. Медсестраның өзі біледі, валерянка ішіп, ауырып өліп қала жаздадым", - дейді  ата-аналар комитетінің мүшесі Роза Тәджікова.

Розаның айтуынша, қызы оқитын сыныптағы ата-аналардың әрқайсысы, 1 мың теңгеден ақша жинап, "ұстаздар күніне" орай, сынып жетекшісіне сыйлық жасапты. "Мұғалімнің тапсырысымен мәнті пісіретін ыдыс алғанбыз, алайда, сынып жетекшісі, қолымызды кері қайтарып қана қоймай, намысымызға тиді, деп қапалы.

Сынып жетекшісі маған қытайлық сый бергенше, ештеңе сыйламаңдар депті.  Бірақ базардан алған тауарды ата-аналар комитетінің мүшесі, саудагерлерге қайта өткізе алмаған.

Ал, өзін мектептің медиаторымын, яғни даулы, шиеленісті жағдайларды шешу үшін жұмыс істеймін деп таныстырған білім ордасының өкілі болса, ата-аналардың өзара келіспеушілігінен туған мәселе, өйткені, ата-аналардан жиналған 10 мың теңгеге, Роза Тәджікова 2500 теңгенің тауарын сатып әкелген, - дейді

Дау тудырған ыдыс  арзан тауарға ұқсамайды. Бірақ базардан сатып алынған. Сондықтан ата-аналар комитетінің мүшесі, ұстазға ұнамаған сыйлықты қайтадан базарға өткізе алмай әлек. Ал, ертеңнен абстап, осы жағдай себеп болып, сыныбын ауыстырған Роза Тәджікованың қызы, жаңа сыныптағы оқуына барады.

Комментарии (0)