Prev Next
  • Рахат Әлиев Австрия абақтысында асылып қалды

  • АНАЛИТИКА
  • 25.02.2015, 11:33

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада киім ілгішке асылып қалған күйі табылған. Бұл ақпаратты Венадағы сот өкілі растап отыр. Ал, Әлиевтің адвокаты оның суицидке барғанына күмән келтіреді.

Рахат Әлиев 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарды. 2008 жылы ол Қазақстанда ауыр қылмыстар жасағаны, атап айтқанда, отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі сырттай шығарылды.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұсталған еді.

Комментарии (0)